Бесплатно

Бекболат батыр

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
 
 
Бекболат білдірмейді көпке сырын,
Қылыш, мылтық күші бар жаудың түрін,
«Жаным, тəнім кем емес Николайдан,
Жарақсыз, жабдықсызбыз, бер ақырын.
 
 
Жау келді жабдығы бар қасымызға,
Іс болар қиынырақ басымызға.
Көп жылқыны бұл жауға қарсы айдасақ,
Бір қайда болмас па екен осымыз да?»
 
 
Көпшілік мына сөзді мақұл көрді,
Айдасақ көп жылқыны ақыл деді.
Əр байдың жылқыларын айдап кел, – деп,
Өзінің жігіттерін шақырды енді.
 
 
Жігіттер жылқы айдауға іздеп кетті,
Сол кезде құралды əскер келіп жетті.
Барады неше жерден мылтық атып,
Қарусыз сорлы қазақ есі кетті.
 
 
Кім шығар қарулы қол күресіне,
Оқ тиді Əбіліштің биесіне.
Ту түсіп қолындағы кеткеннен соң,
Ұмтылды жолдасына мінгесуге.
 
 
Əр жерден жігіт келді жылқы айдаған,
Екі жүздей жылқыны жолға салған.
Быт-шыт боп қазақ қашты əр тарапқа,
Қарусыз қара қанға батқан заман.
 
 
Əскер қайтты жылқыны жолға салып,
Көп қумады қазақты тауға асырып.
Ар жағында бар шығар қара қырғыз,
Деп ойлап, жаман қатты қауіптеніп.
 
 
Соғыста талай кісі шығын болды,
Жүз елу жылқы жауға тығын болды.
Европа, Азияны жеңгендей-ақ,
Шуласып жылқы айдады əскерлері.
 
 
Əуелі Бекболатты əкетті айдап,
Ат үстінде аяқ, қолын мығым байлап.
Артынан қалғандарын қоса айдап,
Бишара түсті қолға зығыр қайнап.
 
 
Ел-жұртым, аман болғын, жамағатым,
Жалғыз-ақ менің болсын жаман атым.
Көп үшін жаным құрбан демедім бе,
Ермек деп біздерді де тапқан қатын.
 
 
Ел-жұртым, аман болғын айтқан сөзім,
Құрбандық бəрің үшін жалғыз өзім.
Бір жыл ма, жарты жыл ма, менен кейін,
Мұның да айналдырар біреу өзін.
 
 
Іркілмей мына сөзбен жүріп кетті,
Ишарат қып мойнын бұрып кетті.
Жасауыл қазақ-орыс жан-жағында,
Шулаған итше қамап, үріп кетті.
 
 
Жігіттер қырғын тауып майдандасқан,
Солдатқа кетті жастар Жайылмыстан.
Үшқоңыр мен Құмбелдің ортасында,
Ұрғашы, бала-шаға шуылдасқан…
 
Əйелдердің жылағаны
І өлең
 
Біз де адамнан туып ек,
Адамбыз деп жүріп ек.
Сары ала шенді ұлыққа
Қандай кінə қылып ек?
 
 
Алым бермей қойдық па,
Тартып алып бұлардың
Малын бермей қойдық па?
Сендердің де біздей боп,
 
 
Бала-шағаң шуласын.
Үстіңдегі падишаң
Апиын жеп уласын.
Жолыңды сенің қылмасын,
 
 
Астында жалғыз атыңды,
Ұрылар келіп ұрласын.
Қатының бала тумасын,
Жуас атың астында
 
 
Қарап жүріп туласын.
«Ақ патшаңның» сүйегі
Айналадан қурасын!
Қазақтың жеңсін ботасы,
 
 
Николай залым бурасын.
Біздердей кемпір, шалдарың,
Басқалардың қолында
Плен болып мұңласын.
 
 
Мұңланған сенің сөзіңді
Басқалар күліп тыңдасын.
Бүгінгі бақыт, тақытың,
Бір жылға да тұрмасын.
 
 
Орақ орып, масаққа,
Қаңғырып кетсін ұрғашың.
Еліміз қалды иесіз,
Қайтейін, ойбай, бас ием,
 
 
Қайда бір кете қу басым…
 
ІІ өлең
 
Пленге кеткен иеміз,
Иемізге күйеміз.
Бəрін қырмақ болыпты,
Енді кімді сүйеміз.
 
 
Қалғанға иесіз ұқсайды,
Қой, жылқы, сиыр түйеміз.
Бар еркектен айырылып,
Қанатымыз қайырылып,
 
 
Қайтып тірі жүреміз,
Қалайша өмір сүреміз,
Қайтып күнді көреміз,
Біздей болсын қатының,
 
 
Сары ала шенді төреміз.
«Үміт алда» деген сөз,
Түбіңді, төре, көрерміз.
Бізде бір жұртқа ереміз.
 
 
Бар еркектен айрылсақ.
Амал бар ма зорлыққа,
Залымдар қылған қорлыққа.
Есігінде əркімнің
 
 
Зарлап бір күн көрерміз.
Бір жылаған жылаудар,
Саған да болсын лайық.
Бар еркектен айырылып,
 
 
Жыламай қайтып шыдайық.
Жылап қолдан келер жоқ,
Сабыр етіп тұрайық.
«Ер кезегі – екі» ғой,
 
 
Сынармыз, тағы сынайық.
Шашылып кеткен қой-қозы,
Тау мен тастан жияйық.
Еркек жоқ, елде ұрғашы,
 
 
Қайда барып сыяйық.
Ауыл толған жебірлер,
Қалағанын алып тұр,
Ақырын күтіп шыдайық.
 
 
Бұқарасын талаған
Хан құриды, деуші еді,
Береке жерден кеткенде,
Дəн құриды деуші еді.
 
 
Жұт келгенде араға –
Бал құриды деуші еді.
Ажал келсе адамға,
Жан құриды деуші еді.
 
 
Хан таласа өз халқын,
Бұл сөз де жаман бір салқын,
Көп ұзаққа кетпей-ақ,
Хəл құриды деуші еді…
 
Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны
 
Жайылмастан еркек жоқ мінген атқа,
Қой адасып, маңырап жүр əрбір жақта.
«Хан3 не жауап қылады»? деп төрелер де,
«Шақыр», – деп бұйрық қылды Бекболатқа.
 
 
Канвоймен Бекболатты айдап келді,
Қолдарын, аяқтарын байлап келді.
«Хан келді», – деп төрелер мазақ қылып,
«Дурак, дурак», – деді де күле берді.
 
 
– Бекболат, хан болғалы көп болды ма,
Пулемет, зеңбірегің жоқ болды ма?
Əскерлерің орақты орып жатыр,
Ішің – жалын, сырт жағың шоқ болды ма?
 
 
Бекболат, ақ патшаны білемісің,
Дүниеде енді тірі жүремісің?
Əскерің, қазыналарың қайда кетті,
Тағы да бар ма тауда артық кісің?..
 
 
Алтын мен күміс қайда, əскер жидың?
Мөрі қайда, басылған болыс-бидің?
Қанша түйе, қанша арба оқ пен дəрі,
 
3Көтерілген халық Бекболатты бастық етіп белгілегеннен кейін ұлықтар оны «хан» деп атаса керек.
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»