Бесплатно

Бекболат батыр

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Соғысуға оқ, дəрі қайда қойдың?
 
 
Қарыныңды, хан Бекболат, жарайын ба?
Басыңды тік тұрғанда алайын ба?
Бір болыс ел жиылған өліп кетті,
Қазақтың зиян қылдың талайына.
 
 
Пейілің қара, битің көп, қызыл бетің,
Ажалға жерік болған бұл ниетің.
Жайылмыстан Фольбауым жан қоймайды.
Артыңда балаларың болар жетім.
 
 
Артыңда қор болады бала-шағаң,
«Хан Бекболат» болар ең келсе шамаң.
Хандыққа, қара қазақ, жете алмассың,
Не болар деп ойлайсың сенің жазаң?
 
 
Қанша адам соғысуға ту ұстаған,
Қанша жұрт «жəрдем қылам» деді саған.
Жолдастарың бəрін де айтып берсең.
Мархабат болад сөзсіз падишадан.
 
 
Жолдастарың жаздырғын бірін қоймай,
Ұмытпай, тастамай айт, ойлай-ойлай.
«Көптің қылған ісі» деп айтып берсең,
Жеңіл кіна кесілер, ауыр болмай.
 
 
Жалған айтсаң, жарты күн тұра алмайсың,
Күн мен айдың жарығын көре алмайсың.
Жолдастарыңның жасырсаң біреуін де,
Дүниеде сен Бекболат бола алмайсың!
 
 
Айтпасаң ауыр жұмыс басыңда тұр,
Өзіңді дар ағаштың қасында көр.
Егерде дар ағашы жаман болса,
Жайылмыстың адамын жасырмай бер.
 
 
Нан-тұзын ақ патшаның ұмытқаның,
Көңілді ақ патшадан суытқаның.
Жолдасыңды аз айтып, қайла қылсаң,
«Хан» басыңды қан қылып құрытқаның.
 
Бекболаттың жауабы
 
– Рас, мен соғысуға шықпақ болдым,
Басыңды жер астына тықпақ болдым.
Рас десең, рас сөз мен айтайын,
Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым.
 
 
Ту тіктім ел жұртымды жиып алып,
Жауға қарсы аттандым ойран салып.
Айтқанынан қайтқанша өлген артық,
Ер болам ба сертімнен кетсем танып.
 
 
Жалынып, жаным сұрап жыламаймын,
Айтқанын падишаның қыла алмаймын.
Пəленше жолдасым деп айтып беріп,
Кіріптар оны саған қыла алмаймын.
 
 
Өзің біл, өлтіресің бе, соясың бар?
Қаныма, қан ішерлер, тоясың ба?
Етімді қазанға сап қуырып жеп,
Қазымды падишаңа қоясың ба?
 
 
Мен елге жарлық қылдым, жиыл дедім.
Көпшілік өз күшіне сиын дедім.
Əділдіктен тайып тұр «ақ падиша»,
Рабочий4 сұрауы оның қиын дедім.
 
 
Желігіп Германменен соғыс аштың,
Əділетті аяққа қор ғып бастың.
Жеңілген соң қазақтан «помощь» сұрап,
Қылыштап бұқараның қанын шаштың.
 
 
Жарай ма осы қылған ісің, төре,
Маған, сірə, жетеді күшің, төре.
Не қылсаң да еш жаққа кете алмаймын,
Кісендеп аяғыма салдың өре.
 
 
Жолдас жоқ, жора да жоқ, қылдым өзім,
Екі аяқ, екі қол екі көзім.
Асып же, қуырып же, керек болсам,
Осымен таман болды менің сөзім.
 
***
 
Сөздерін Бекболаттың жазып алды.
Жаман көріп көзінің қырын салды.
Өлтірмесе қазақты бұзады деп,
Көп төрелер жиылып, ақылға алды.
 
 
– Ал айда «ханды» жалғыз тұрар жерге,
Жалғыз жату лайық мұндай ерге.
«Жолдасым жоқ» дегені батырлығы,
Таласын қандала, бит, жесін бүрге.
 
 
Ақыры біз айтқанға келер, – дейді.
Жолдасын өзі-ақ айтып берер, – дейді.
«Жалғыз өзім қылдым» деп жалған айтса,
Асылып кешікпей-ақ өлер, – дейді.
 
 
Соныменен жата тұрсын Бекең марқұм,
Тыңдаңыз ұзақ кетпей сөздің парқын.
Жетпіс кісі Бекболат жолдасы бар,
Орнына келтірді енді закон артын.
 
Би, қожалардың жауабы
 
Төрелер мекемеге жиылады,
Ал кел деп Жайылмысты бұйырады.
Түнімен Жайылмысты сұрап-сұрап,
Бітіруге уағада қылынады.
 
 
Бірінші алып келді Нəзірбекті,
– Қаншада сен, кəрі шал, жасың, – депті.
Падишаның нан-тұзын ұмытыпсың,
Қалады-ау дар астында басың, – депті.
 
 
Жау болдың падишаға не себептен,
Білмедің өлеріңді есің кеткен.
Балалықпен дей-тұғын жас емессің,
Ит екенсің сексенге жасың жеткен.
 
 
Елді жөндер қария сен бе, дурак,
Жалған жауап біздерге берме, дурак.
Жолдасы Бекболаттың қанша жан бар,
Жасырмай, жаппай мұны айтқын бірақ.
 
 
– «Бекболат Жайылмысқа қылды зорлық,
Қорыққан соң ту тіккен жерде болдық.
Басқамыз падишаға қарсы емеспіз,
Айналайын, тақсыр-ай, сізге құлдық».
 
 
Келеді мұнан кейін Кенбей қажы,
Бек қиын Жайылмысқа заман сазы.
– «Сəт болыстың ағасы сен екенсің,
Ажалдан құтыларға бар ма ылажың?
 
 
Падишаның нан-тұзын ұмыттың ба?
Бойыңды мүлде бізден суыттың ба?
Ту тігіп, Үшқоңырға əскер жиып,
Тұқымыңды, қу қазақ, құрыттың ба?»
 
 
«Қарсылық қыла алмаймын сізге, төре,
Бекболат зорлық қылды бізге, төре.
Бəрімізді айдады қамшыменен,
Қашып та келе алмадық сізге, төре…»
 
***
 
Бəрі де жапты жала Бекболатқа,
Бекболатта уайым жоқ, көңілі шатта.
«Қайда барса бір өлім болар» – деген,
Сəламат қалған елді өзің сақта.
 
 
Көп сөзден аз сөз шырын деген еді,
Сұрақтың бəрін айтсам көбейеді.
Таң атқанша адамның бəрін сұрап,
Айдатып абақтыға жібереді.
 
 
Екінші сұрақ болар неше күнде,
Қарауыл қатты қойды күндіз-түнде.
Қатты ұстап, күннен-күнге қысып жатыр,
Ой кетті орағытып сол жөнінде.
 
4Бұл жерде қара жұмысқа жігіт алуды айтады.
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»