Бесплатно

Бекболат батыр

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
 
 
Бекболаттың сұрағы болды жақын,
Сөзімнің парықтап ал алдын, артын.
Фольбауым падишадан хабар алып,
Кеңесіне шақырды төре халқын.
 
 
Бұйрығын падишаның білдіреді,
Қара жер қозғалғандай күркіреді.
Қабағына қар тұрып, мұртына мұз,
Дар ағашқа арқанды ілдіреді.
 
 
Ажалы Бекболаттың жетсін, – дейді,
Сұрағы екі күнде бітсін, – дейді.
Басқа бір маслихат бар көп төрелер,
Мынау іс бұрын өтіп кетсін, – дейді.
 
 
Фольбауым ашуланды қаһарланып,
Суырып өз қылышын жалаң алып.
Сот үйіне Бекболатты шақырады,
Бекітіп аяқ, қолын кісен салып.
 
Бекболаттан екінші рет жауап алуы:
 
Бірінші сұрағанда жөн демедің,
«Ту тігіп, əскер тартқан мен», – деп едің.
Жолдасыңнан жаздырмай жалғыз адам, –
Бəрің де өзім қылған іс, – деп едің.
 
 
Көрейін ерлігіңді дар түбінде,
Ажалың жақын келді жарты күнде.
Падиша телеграммен сұрап отыр,
Қалай да жолдасыңды айтуыңды.
 
 
Жауап бер, жаның қалар, «хан» Бекболат,
Біз айтқан жақсылыққа нан, Бекболат.
Мойнына қылған айыбын алып жатыр,
Патшаның тұзын татқан сендей-ақ Сəт.
 
 
Жолдас тап, қаның ақпас, жаның қалар,
Қыр Сибирь – бөтен жұртта тəнің барар.
Расын «хан» Бекболат сөйлесін, – деп,
Сенат пен хабар берген падишалар.
 
 
Əлде болса айтып қой қанша жолдас,
Патшаға қарсы болған қажақ болмас,
Жолдасыңды барынша айтып берсең,
Өз басыңа аса ауыр жаза болмас.
 
 
Қақихат анық сөздер осы хабар,
Расыңды сөйлесең пайдасы бар.
Егер де біз Германды жеңіп алсақ,
Ғажап емес жолықса «мүнапастар»5
 
 
Надандық, ақымақтық қылған ісің,
Барынша список қыл, қанша кісің.
Кінəңды мойнына алып жолдас тапсаң,
Жеңіл жаза тартасын оның үшін.
 
 
Бұрынғы таста айтқан батырлықты,
Ақ патшаға ойлаған «татулықты»
Соғысқа атқа мінген қанша адам,
Сен қылма ақымақтарға жақындықты.
 
 
Көп жиылып сен хан бол деген шығар,
Тай сойғызып, сары қазы жеген шығар.
Ел ішінде біздің де елшілер бар,
Бізге де осы хабар келген шығар.
 
 
Бұл сөзге «мақұл» деп қой, жазсын писарь,
Басыңа жаздырмасаң қатты кесір,
Қазынаға мал мен басың бəрі түсіп,
Бала-шағаң болады жетім-жесір.
 
 
Тұқымың дүниеде орын алмас,
Шен алып падишадан формданбас.
Он басыңа жарамас сенің затың,
«Ақ патшаға жау» деген сөзде қалмас.
 
 
Онан да ойлап қара, ақылға кел,
Шайтанға жолдас болма, жақынға кел.
Жайылмыстан қанша адам ту көтерген,
Өзің айтып жаздырып писарьға бер.
 
 
Мұны қылсаң, аз күнде құтыларсың,
Болмаса дар түбінде тұтыларсың.
Құдайға, падишаға күнəкар боп,
Қара жерге қан болып жұтыларсың.
 
 
Жауапты падишаға берер шағың,
Осңынан көп төренің ерер шағың.
Ажал да, жақсылық та қатар келді,
Ақыл ойлап, расқа келер шағың.
 
 
Көпті қорғап, көмусіз қалдың, батыр,
Рас айтсаң, басыңды алдың, батыр.
Жолдасыңның бермесең бəрін жазып,
Мойныңа дар арқанын салдың, батыр.
 
 
Бекболат, «білмеймін» деп көңілің тоқ қой,
Дарға асқанды еш қазақ көрген жоқ қой.
Бағынғалы бұл қазақ ақ патшаға,
Қазақта сендей қарсы болған жоқ қой.
 
 
Сол себепті ашылды дарға закон,
Бұзылып соғыс болды дүние бүтін.
Сен сияқты ақымақ көбейген соң,
Келіп тұр телеграм соның үшін.
 
 
Жауап бер, көп ойлама қаның қашып,
Жауап берме, өлімге болсаң ғашық.
Тұқымыңнан еш еркек қалдырмайды,
Таңда да, ал керегін, айттық ашық.
 
 
Ишара ғып айтқанды ұға алмайсың,
Өз басыңды қорғауға шыға алмайсың.
Оқымаған надансың, қара қазақ,
Өлім жақын келгенін біле алмайсың.
 
 
Жауап бер не де болса, ақымағым,
Біз құтылдың, өзіңде өз обалың.
Сен өлсең, бала-шағаң қайыр сұрар,
Қазынаға түседі барша малың.
 
 
Жан-жақта бар қылыштар жарқылдаған,
Жаудан қорқып Бекболат тартынбаған.
Дəл сол үйдің алдында жана артында,
Қорқытуға көп мылтық тарсылдаған.
 
Бекболаттың жауабы
 
Ел жидым, тай да сойдым, қой да сойдым,
Үстінен шықтым ажал деген тойдың.
Соғысқан патшаларға түк қыла алмай,
Мен үшін дарға арқан байлап қойдың.
 
 
Мені өлтірсең жайыңды алғандайсың,
Көп пұлды қазынаға салғандайсың.
Андижанның қасабы сияқтанып,
Дара арқанын даярлап жалмаңдайсың.
 
 
Əділдік жоқ сендерде, төремісің?
Менің жаным өзіңдей көремісің?
Ату мен союменен қорқытасың,
Балаңа бүйрегімді беремісің?
 
 
Бəрі рас Жайылмысты сабағаным,
Соғысқа шықпағанын қамағаным.
Басында жауабымды айтпадым ба,
Қайта сұрап ештеңе таба алмассың.
 
 
Жолдасым – қолымдағы қамшы менің,
Меніменен бітпейді сенің кегің.
Соғысқан падишаға түк қыла алмай,
Бұл жерде мен болдым ғой сенің жемің.
 
 
Қорқытасың тұқымым қалмайды деп,
Сайлауға ұрпағыңды алмайды деп.
Қазақ, қырғыз еліміз аман болса,
Патшағар, сенен бір күн алады кек.
 
 
Қазақтың жерін де алдың, суына да алдың,
 
5Кеңшілік, манифест.
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»