Бесплатно

Құлагер

Текст
iOSAndroidWindows Phone
Куда отправить ссылку на приложение?
Не закрывайте это окно, пока не введёте код в мобильном устройстве
ПовторитьСсылка отправлена
Отметить прочитанной
Шрифт:Меньше АаБольше Аа
 
Батылдық күресуге етер де емес.
 
 
Жаршының жырлағаны жалған да емес,
Шыны сол, өтіріктен зарлау да емес.
Көңкек тес, кең жауырын, үңгір қара –
Өзге жан бұл тұрғанда балуан да емес.
 
 
Келіп еді осы қара əлдеқайдан,
Күресті қуған жігіт кішкентайдан.
Қаланы жығып, қырды ағалаған
Бір асқан алып еді заты Найман.
 
 
Ac беріп алты арысқа даңқын жайған
Тауып ед бауырды бұл Сағынайдан.
Жатыр ед күшін əдейі көрсеткелі,
Керейде қонақ болып бір-екі айдан.
 
 
Шығатын зор қараға бір жан болмай,
Жігіттер қоян болды, жүрек қалмай.
Сібірдің цирктерін сілкіп шыққан
Осыны алып отыр ояз қолдай.
 
 
Қаратау көрген емес зорды мұндай,
Жетісу кісі таппай болды жымдай.
Балық боп Арал, Балқаш ауызын ашты,
Хауып қып қорғалады Семей, Торғай.
 
 
Қарсы жақ кісі таппай болды жүдеу,
Кек темір болды жасып алмас егеу.
Салбырап бетмоншағы балуандардың,
Теп-тегіс төмен қарап болды күйеу.
 
 
Бітік көз, үрпек сары, дөмбелшелеу
Шешініп қарсы жақтан шықты біреу.
Қораштау көрер көзге, балуан дерге,
Аруақтап Оқас жағы қылды тілеу.
 
 
Атағы бұл сарының балуан Жақып,
Шыңыраудан түйе тартып алған Жақып.
Əдісқой, алысқанда дөңгеленіп,
Топтарды талай жығып, жарған Жақып.
 
 
Асына Абақ, Керей барған Жақып,
Онда да бас бəйгені алған Жақып.
Мойынын қашағанның үзген талай,
Дей-тұғын Баянауыл Таутан Жақып.
 
 
Бұл Жақып əлде жалшы, əлде малшы,
Болмаса Оқасқа ерген бір итаршы.
Жүректі, кім болса да күшті жігіт,
Сияқты би қолында жезді қамшы.
 
 
Жеп-жеңіл қаршығадай, сары шаршы,
Əйелмен, үлкен дəуге жүрді қарсы.
Айнала көптің алдын қыдырыстап,
Безектеп таныстырды тағы жаршы:
 
 
– Мынау, мынау, мынауым,
Сексеуілден бұрауым.
Алысқанда шақ келмес
Алыбың мен дырауың.
Түсті Арғынның тобынан,
Құтылу жоқ қолынан.
Албастысы алыптың,
Əзəзілі əдістің.
Шоршыған да, ыршыған,
Шегіртке сары, оқ жылан.
Бөденелер бөріктей
Қаққанынан соғылған.
Азулысы алыптың
Ашуланса тістеген;
Айласына көз жетпес,
Астына жанның түспеген.
Салған жерден сырттаған,
Еш пендеден ықпаған.
Тиген жерден тіктеген
Бұғалыкгап толғаса,
Қашағанды бүктеген.
Ығына келіп қалғанда
Ықтыжарды күтпеген.
Шалуға адам сайтаны,
Шапшыған да шоршыған
Шалқар көлдің шортаны;
Сең соққандай сілкінді.
Балуанға түскенде
Балықтайын бұлқынды;
Ұстау қиын шіркінді.
Басым күшті, ер жүрек,
Балуандардың əкесі,
Таудың тарғыл текесі –
Секірсе сексен қадамға,
Ұстатпайтын адамға.
Қарсы алдына келгенде
Қақпандайын серперлі;
Жан жыққан жоқ өрт ерді.
Алыптарды аударды,
Еңгезерді еңсерді.
Келсап-келсап білектің
Талайын талай төңкерді;
Алысса бура шөккені.
Адуын алып көк бөрі,
Арыста талай бəйге алып,
Айқасты талай көп көрді.
Айқайда талай түсе қап,
Асқынғанды бөктерді.
Аптықты талай басқындап,
Алыста талай бөксерді.
Айтып-айтпай немене,
Аңсағанға сусаған,
Алысуға дөп келді.
 
Күрес
 
Құз қара тұра келді алас ұрып,
Сарыны қорапсынып, баласынып.
Тап берді қара қабан capы мысыққа,
Байғұсқа болды тым-ақ жан ашырлық.
 
 
Ышқынтып сыбызғыны, дабылды ұрып,
Екеуін қоя берді шабындырып;
Алысты арс-үрс етіп екі арыстан
Таласты, бірін-бірі алып, жұлып.
 
 
Сарыны өшіктіре, жауықтыра,
Арсаңдап омыраулады алып қара;
Түспеді ол допша қарғып, мысықша ырғып,
Дегендей «Күшің болса алып қара!»
 
 
Ол-дағы өз əлінше алып қана,
Əркімді жығып жүрген шалып қана.
Бұлтылдап жыққан жерде жатпай-тұғын,
Басқаға бастырмайтын балық бала.
 
 
Желкілдеп қара сақал шудадайын,
Бұлқынды алып қара бурадайын.
Шабынды қаңтардағы күйі түсіп,
Дегендей «Алып соғып, жұлмалайын».
 
 
Бұлқынды шайнастырған бурадайын,
Жұлқынды жұтпақшы боп суда жайын.
Тасындай тиірменнің тастасып жүр,
Қарысып кұшақтары барған сайын.
 
 
Сияқты бірі жуан, бірі жұқа,
Өкіріп сүзісіп жүр екі бұқа.
Таласты ел алдында екі арыстан,
Алысып, арс-ұрс етіп сілке, жұлқа.
 
 
Сарыны сол жағына алып қымқа,
Қайқайтып қара балуан шалды қырқа.
Жата ма, серке сары, кетті шоршып,
Жерді шаң, езін қан қып, етін жырта.
 
 
Жейдедей жалаңаш ет жыртылуда,
Сүйтсе де, ол, ойланып жүр ұмтылуға.
Сіресіп оң жағына қырындайды,
Арқалап, қырына алып, жерге ұруға.
 
 
Жақыптың жатыр күші оң жағында
Оңбайды түскен адам ол жағына.
Иыққа «Ап!» дегенде алып қалды.
Сықырлап азар алды қол, қабырға.
 
 
Айласын балуан Жақып қылып қалды.
Өңкиіп өгіз қара мініп қалды.
Дөңгелек айналдырып, сереңдетіп,
Жерге алып ноқталыны ұрып қалды.
 
 
Ду етіп Арғын жағы күліп қалды.
Аңырып Найман жағы тұрып қалды.
Аруақтап, əулекілер айғай салып,
Қорқақтар қояндайын бұғып қалды.
 
 
Күрс етіп жүнді қара жерге түсті,
Үстіне балуан сары міне түсті.
Бастырмай тізесімен қақты қара,
Алып қой, бөрі басар ол да күшті.
 
 
Екі айғыр бір-біріне салды тісті,
Қараның көрінеді алды күшті.
Таласты тамашаға қос құтырған,
Мəз қылып қырдағы үлкен мəжілісті.
 
 
Аударып жəне Жақып, жəне басты,
Допша атып бірін-бірі домаласты.
Лақтырып бірін-бірі бөрікше атып,
Екеуі жығыса алмай, қайта ұстасты.
 
 
Ұстатты аяқтары басқан тасты,
Көк қырқа жұлмаланып, шаңдақ басты.
Қопақтап отыра алмай қойдай шулап,
Екі жақ «А, Құдайлап», аруақтасты.
 
 
Сарыны қара көкпар ылақ қылды,
Ұршықтай үйіргенде ылақтырды.
Екеуі өлерменге жеткен кезде,
«Айыр!» деп, халыққа, ояз жұбап қылды.
 
 
Арғын жақ «Жығылды!» деп, шулап тұрды,
Найман жақ «Жыққан жоқ!» деп, жанжал қылды.
Сірескен шайнасумен екі арланды,
Көреші кісілер кеп екі айырды.
 
 
Баян жақ «Бəйге бер!» деп келді оязға;
«Бəйгесін, кім жыққанын жаз қағазға!»
Керей жақ бергізбестен кетті кернеп:
«Итжығыс! Мынаның да жыққаны аз ба?»
 
 
Тимеді сүйтіп бəйге Оқас тазға,
Оларға күш қыларлық қайда оязға!
Болмады ояздікі елге бітім,
Мұндайда əңгірлейтін əулекі аз ба?
 
 
«Жықты, – деп желіккен жақ, – біздің қара!»
Болмады омыраулап жанжал қыла.
Бəйгені – біздікі, – деп тұрып алды,
«Түсті, – деп, – алғаш жерге сары бала!»
 
 
Қоймады «Күресем» деп жүнді қара,
Аусарлау əугіп, даңғой, жынды қара.
«Дəл жықпай, даулы бəйгені алмаймын» деп
Байлауды бітпес дауға қылды қара.
 
 
Жақыптың жағы жатыр «күреспе!» деп,
«Жетеді осы абұйыр, тіреспе!» деп.
«О да олжа бас бəйгені бөліп берсе,
Бұл қара асқан алып, сырдесте», – деп.
 
 
«Екеуін тағы, тақсыр, күрестір» деп,
Ояздан Оқас, Шабдан қылды тілек.
«Өздерің білесіңдер!» деп ояз отыр,
Болды жұрт қайта екеуін күрестірмек.
 
 
Екідай болып тұрды елдің жағы,
«Шық! Шық!» – деп жүнді қара шабынады.
«Шықпалап» Баян жағы бəйек боп жүр, –
«Абұйыр осы жолы қағылады».
 
 
«Шық!» деген ер қорлыққа намыстанды,
Шешінді нeгe сары алысқалы;
Жаманат қорықты деген, қорлық, сірə,
Күреспей қайда қояр жабысқанды?!
 
 
– «Шығамын, нар тəуекел, тағы барам,
Жықсам алам, жықпасам тағы қалам.
Болмастан өкіректеп ол тұрғанда,
Сесімді көрсетейін мен де бəлем.
 
 
Мен де адам, расында ол-дағы адам,
Бір-бір қой шешемізді қалжалаған.
«Шығар!» деп дəу қараның дікектеуі
Тимейді тіпті жеңіл ол да маған…»
 
 
Халқыңның сырын өзің білесің де,
Ісіне күйесің де, күлесің де;
Қаласың кейде кейіп, кейде мəз боп,
Əйтеуір сол халықты сүйесің де.
 
 
Созылған сөз құйылды жүйесіне,
Байланды тағы қайта күресуге.
«Ананы еркек болса алып кел!» деп,
Отырды жүнді қара жүресінде.
 
 
Тап берді теріс азу бір-біріне,
Бұқадай сүзгіледі жүнді, міне;
Сарт етіп нeгe сары іштен шалып,
Қаршыға қазды қағып ілді, міне.
 
 
Сарының қаршығадай ілуіне,
Аруақтап Баян жақтың күлуіне,
Қараны қайыстырып бұрағанда,
Күрт етті… бір гəп болды жілігіне…
 
 
Сылқ етіп жүнді қара жерге түсті,
Үстіне тұйғын сары міне түсті;
Шегіртке атып кетті бастан ыршып,
Жүндіге жан жабырлап жүгірісті.
 
 
Осыған екідай боп елеуресті,
Үйткені етке тойып, қымыз ішті.
Құтыртып қораздайын қырқыстырып,
Тағдырын қос аусардың сүйтіп шешті.
 
 
Ыңыранып жүнді жатыр өкпе соғып,
Сермеліп екі қолы, жанын қорып.
Бұралып қалған екен сол аяғы,
Сыныпты жіліншігі күл-күл болып.
 
 
Оқас тұр шоқтығы асып, жеңген болып,
Ояз тұр үңірейіп шылым сорып;
Сөйлейді біреу аяп, біреу қажап,
Жаралы жіліншікке шаншу болып.
 
 
Көгеріп жатыр балуан қаны қашып,
Көргеннің бəрі аясты, жаны ашып.
Балуаны жыққан Арғын шуылдап жүр,
«Аруақ қолдады» деп, көңілі тасып.
 
 
Оязға Оқас кеп тұр маң-маң басып,
«Беріңіз, бəйгемді!» деп баяндасып.
Тоғызды түйе басты үлесті жұрт,
Таласып суыртпаққа жанжалдасып.
 
 
Бір тайды бара жатыр біреу алып,
Бір қойды кетіп қалды біреу қағып.
Жұлысып бір шаршыға екі сақал,
Бір-екеу ырылдасты ит сықылданып.
 
 
Жақын жоқ, жанашыр жоқ, жалғыз қалып,
Құз қара зарлап жатыр, дір-дір қағып.
Бəйгені ас етіндей жұлқылап жүр,
Біреудің жіліншігін малға шағып.
 
 
Осындай не дейсіңдер əлеуметті,
Ac беріп алыстырған сол əдетті?
Сөксеңіз, соқсаңыз да болды солай,
Мен өзім осындайдан көрдім көпті.
 
 
Сонымен балуанның бəйгесі өтті,
Оташы мертіккенді бебеулетті.
Бұл да бір ел қыдырған есер екен,
Сорлыны атқа өбектеп алып кетті.
 
Ат қайтқанда
 
Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын.
Жапанда жел жылқының үстінде өскем,
Мекендеп өміріме аттың жалын.
 
 
Мал сырлас, аттың сыры маған мəлім,
Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған əнім.
Аспан асты, жер жүзі – кең сақара
Күн көріп атам қазақ келген мəлім.
 
 
Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын,
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым.
Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы,
Білген жан бекер демес аттың жайын.
 
 
Бірге өскен бала күннен құлын, тайым,
Top кұнан көшке мінген күн-күн сайын.
Аптада ағарса да сақал, шашым,
Атымды не бетіммен ұмытайын!
 
 
Бұл күнде автом да бар, атым да бар,
Бəйге алу самалетпен салтымда бар.
Бізде жоқ Сағынайдың сасық асы,
Тойына Октябрьдің атым шабар.
 
 
Сауықты, салты қызық халқым да бар,
Жылқымда асылданды қолтумалар;
Түрлеңді қазағымның қалың малы,
Аттарым асыл тұқым жарқыл қағар!
 
 
Қызығы қырдың үлкен бəйге шапқан,
Күңірентіп көк жайлауды, атты тартқан.
«Бала, – деп, – əрі пысық, əрі жеңіл»
Иесі талай аттың мені тапқан.
 
 
Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қақтым,
Мінгемін не саңлақка сумаң қаққан.
Көп атты талай-талай тастап кейін,
Қыр құсын тақымымда қылмаңдатқам.
 
 
Сəйгүлік мыңнан озған, өңкей саңлақ,
Қырғындап қайтар жерге жетті шаңдап.
Айдаушы тырна қатар тегіс тізіп,
Қайтуға ыңғайланды айдалған ат.
 
 
Қаз қатар, мың үш жүз ат жайды қанат,
Балалар бір-біріне «Алақ! Алақ!»
«Ал қайт!» деп қашан қолын сілтейді деп,
Бар бала айдаушыға тұрды қарап.
 
 
Шығар деп қашан даусы «Қайт! Қайттаған»,
Өзім де талай-талай жалтақгағам.
Болар ма ат үстінен қырда қызық,
Жалғанда арман бар ма ат қайтқаннан!
 
 
Ат қайтты əлде неше он шақырымнан,
Көп атты қайырмады жақын бұдан.
Жөнелді түтіндетіп мың үш жүз ат,
Шаң кетті көкке шапшып сапырылған.
 
 
Арыста ағалаған нелер саңлақ,
Қашаннан қатып-семген бəйгеге арнап.
Ұрандар бəйге шапқан бала халқы,
Күңірентіп жердің жүзін кетті шаңдап.
 
 
Шаңы – бұлт, екпіні – жел, аттар – қаңбақ
Балалар ұран салып, безді зарлап.
Шапқан ат, салған ұран – күңіренді Арқа,
Уда-шу, ұлан-азар болды жан-жақ.
 
 
Күңірентті ойды, қырды өңшең күлік.
Арқаны дүбірлетті дүбір қылып.
Көшіріп жерді, көкті келеді аттар,
Керілген кең даланы бүліндіріп.
 
 
Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп,
Адақтап барған сайын шықты жүйрік.
Төртеудің мың үш жүзден мойны озып,
Кұлагер келе жатты тістеп құйрық.
 
 
Артында төртеуінің мың ат қалды,
Балалар барған сайын шулап қалды.
Жер шіркін барған сайын бауырын жазып,
Шаң шіркін барған сайын будақталды.
 
 
Шаң көкке өртенгендей шумақталды,
Ат терге шомылғандай суды ақтарды.
Күн шілгер, адам, айуан судан кеуіп,
Түтігіп талай аттар құлап қалды.
 
 
Құдықтан, жерошақтан қазақ қазған
Жұлдыздай жалт етеді жүйрік жазған.
Шынайы жел жүйріктер қырға біткен,
Деген сөз былшыл біздің жылқыны «азған».
 
 
Төрт тұлпар соқты желдей мыңнан озған,
«Жетсең ал!» деген есеп мұнша созған.
«Армансыз болсын аттар» деп əңгірлеп,
Қазақтар қоюшы ма ед құрты қозған?!
 
 
Жарысты өңшең тұяқ жолды сойып,
Төрт кетпен келе жатыр дабылды ойып.
Төрт тұлпар шаңын бөліп, ұзай салды,
Жолшыбай аттың бəрін қырып-жойып.
 
 
Өссем де атқа шауып, бала болып,
Айтуға жетпейді əлім мұны толық.
Бір сөзбен бүктеп айтып, байлағанда,
Осы айдау бопты қатты қырғын жорық.
 
 
Үстінде Құлагердің қандай бала?
Тастап ек баяндамай оны шала.
Ақанның елден келген бір жолдасы,
Кетелік оны да айта осы арада:
 
 
Бұл өзі елдегі бір жетім бала,
Ақанға бауыр басқан өкіл бала.
Көзіндей Құлагердің күтеді Ақан,
Бейбаққа Ақан сері секілді ана.
 
 
Ол кезде жетімдер көп қақтығатын.
Мынаны Ақан сүйіп, жақтыратын.
Асырап аш, жалаңаш қалдырмастан.
Біреуге еліндегі бақтыратын.
 
 
Бəйгеге қосар болса Ақан атын,
Мінгізіп бұл баланы апаратын.
Тақымы жетімектің құтты болып,
Құлагер қосқан сайын бəйге алатын.
 
 
Құланың біліп алған бала сырын,
Серінің келтірмейтін жəне ашуын.
Қалың ел, аспан, жердің арасында,
Ақан деп білетін ол жанашырын.
 
 
Ақан да əкесіндей баласының,
Жоқтығын жоқтатпаған анасының.
Қорғайтын ол өмірде үш-ақ затты:
Құласын, баласын, көз қарашығын.
 
 
Сонымен Ерейменге төрт ат кетті,
Төрт бала барған сайын ұзап кетті.
Қара үзіп қала берді өзге бала,
Қалғанды қорлық теуіп, ыза ап кетті.
 
 
Жүйріктер жүндей сабап жолды түтсін,
Ат солай бара берсін, бұл сөз бітсін.
Келейік көмбедегі көпке тағы,
Сарылып кеткен атты қанша күтсін.
 
 
Айғай, шаң аттан шыққан көкке кетсін,
Екпіні жел соққандай дүрілдетсін.
Жел жүйрік Сарыарқаны домбыра қып,
Төрт тұлпар тұяғымен жерді шертсін.
 
Ат шаңы
 
Айнадай мөлдіреген Кусақ көлі,
Осы еді Ерейменде жердің сөлі.
Ел жайлап, мал жайылып, думан болған,
Жайдырған жасыл кілем, жұмақ жері.
 
 
Төбесі осы көлдің биік жері,
Кусақтың мөлдірі еді көкше көлі.
Бəйгесі Балуанның тарқағанда,
Асықты атты тосып астың елі.
 
 
Айдалған астың аты алыс жерге,
Болар ма Қызқашқанды жақын дерге.
Шықты шаң көз құшында ақ шүйке боп,
Құлдырап ат ойысты Кусақ көлге.
 
 
Кім жетсін тау бауырынан соққан желге,
Дəл сондай аңқыды аттар жазық жерде.
Тау төсін дүсірлетіп, дүбірлетіп
Таласты осы төрт ат Ерейменге.
 
 
Жанына еліміздің жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан.
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы;
Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.
 
 
Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Қызық-ақ біздің бəйге қырда шапқан!
Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей,
Аттарға шаң шығарып келе жатқан.
 
 
Ұзақ жол, талай қырқа, талай қабат
Тауысып шыққан жоқ па келатқан ат!
Қайта ма Қызқашқаннан шауып жылқы,
Жетпесе, тегі бұған, ұшып қанат!
 
 
Қадалып шыққан шаңға үңілді көз,
Өзара дауылдасқан басылды сөз.
«Кім де атқа мінсе жазалы!» – деп,
Жарлықты жəне берді үңірек ояз.
 
 
Жарқырап жатыр Қусақ келі сайрап,
Жас қайың жағасында желмен ойнап.
Шаң қылаң көз ұшында берген кезде,
Қобырай бастады жұрт көзі жайнап.
 
 
Тыйды ояз «Тыныштал!» деп қатты айғайлап,
Қазақты қауызға айдап, жіпсіз байлап.
Қусақтың кер жол асқан кезеңіне
Қылт етіп келе жатқан ат шықты қайнап.
 
 
Бұрқ етті кезең асып шұбалған шаң,
Қобалжып қозды құрты астағы жан.
Ойысты үш-төрт қара үздік-создық,
Алдыңғы ат бірі – қылаң, бірі – баран.
 
 
Көргенде көз ұшында келе жатқан
Қараны қоя ма көз күн-түн баққан?
Жасаурап екі көзі тұра алмады,
Құласын құлдыраған танып Ақан.
 
 
Созылды осы төрт ат көл айнала,
Алдына екі ат шықты жеке дара.
Өтетін ат қылт етіп Жыланды өзек,
Суы жоқ, бұтасы көп – жырақана.
 
 
Күткен көп қайтқан аттан көрсе қара,
Жынданбай жанды қазақ тұра ала ма?
Деп тұрып: «Тоқта! Тоқта! Шаппа! Шаппа!»
Топалаң болмаушы ме ед тұра-бара?
 
 
Сорғалап сол өзекке ат та құлап,
 
Купите 3 книги одновременно и выберите четвёртую в подарок!

Чтобы воспользоваться акцией, добавьте нужные книги в корзину. Сделать это можно на странице каждой книги, либо в общем списке:

  1. Нажмите на многоточие
    рядом с книгой
  2. Выберите пункт
    «Добавить в корзину»